Басты бетЖаңалықтар"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге...

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметпен бөлісіп, жүргізушілерге ескерту жасады.

24 қазанда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген ұлттық оператор таратқан хабарламада.