Қазанда Жамбыл облысы бойынша, шекара қызметінің департаменті мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 дерегінің жолын кесті.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.
Жыл басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды, — делінген хабарламада.
Деректер бойынша, материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілген.