Қар барысы күніне орай Yandex Qazaqstan Іздеуге осы жануардың суретін жариялады

Yandex Qazaqstan Қазақстандағы қолданушыларды 23 қазанда атап өтілетін Халықаралық барыс күнімен құттықтаймыз деп шешті.

Бұл жануардың анимациялық суреті енді күн райы туралы кейбір сұрау кезінде Яндекс Іздеу нәтижелеріне шығады. Мысалы, Уandex.kz сайтында «бүгінгі ауа райы» немесе «Астанадағы ауа райы» деп теріп, сонымен қатар Алисамен Іздеу қолданбасында осыны жазса немесе айтса жеткілікті. Осылай, қолданушылар ауа райын біліп қана қоймай, күнделікті жұмыстан үзіліс жасай алады: барыс ауа райы болжамына қарай түрлі кейіпке енеді.

Қазақстан қашан да барыс — қар барысы мекендейтін жер болған. Көптеген қолданушы әдетте күнді күн райы болжамын оқумен бастайды. Енді ол ауа райы ақпаратты ғана емес, интерактивті де болады — анимациялық барыс жұртты өзіне қаратып, көңіл-күйді көтереді, — дейді Yandex Qazaqstan-дағы Яндекс Іздеу өнімінің аға менеджері Алмаз Сәденов.

Yandex Qazaqstan

Қолданушылар ауа райы болжамы мен барысты өзгелермен бөлісе алады — мысалы, достары мен отбасын мерекелерімен құттықтау үшін. Ол үшін Іздеу сайтында «Сілтемені көшіру», ал оның қолданбасында «Виджетпен бөлісу» түймесі бар.

Сонымен қатар Яндекс ауа райының метеорологтары да қараша айына Қазақстан бойынша болжам дайындады. Айдың бірінші жартысында температура айтарлықтай ауытқымайды, бірақ екінші жартысында елдің шығысында және оңтүстік-батысында көпжылдық орташа көрсеткіштердің жоғарылауы 3°С-қа жетуі мүмкін. Астанада қарашаның бірінші жартысы күндік максимум теріс мәндерге дейін біртіндеп төмендей отырып, климаттық норма шегінде өтеді.

Дегенмен ай соңына қарай елордада орташа тәуліктік температура нормадан 2°С жоғары болуы мүмкін. Алғашқы қар Астанада және Павлодар, Қарағанды, Өскеменде жауды, бұл климаттық нормаға сәйкес келеді. Алматыда бұл әдеттегіден үш апта кеш – 16 қазанда болды. Шымкентте, Ақтөбеде және Таразда алғашқы қар қарашаның ортасына дейін, Атырауда желтоқсанға қарай жаууы мүмкін. Қараша айының соңы қалыптан тыс жылынуына және елдің түрлі аймағында алғашқы қар жауатын күндердің ауысуына байланысты тұрақты қар жамылғысы климаттық нормадан бірнеше аптадан кейін пайда болуы мүмкін.

Yandex Qazaqstan

Биылғы жазда Yandex Qazaqstan Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттерімен, Қазақстан Республикасы Зоология институтының және Snow Leopard Foundation қорының мамандарымен бірлесіп, Яндекс нейрожелісін қар барыстарын тануға үйретті. Ол барысты басқа жануарлардан ажыратып қана қоймай, оны жеке түр ретінде таниды. Бұл ғалымдарға Қызыл кітапқа енген жануарларды жақсырақ зерттеуге және олардың популяциясын қорғаудың тиімді әдістерін жасауға көмектеседі.

Yandex Qazaqstan туралы

Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартумен және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазіргі таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс істейді. Компания білім беру және әлеуметтік жобаларды да дамытып жатыр.