Пәтерге 10 жылға жуық кезекке тұрғанмын — Нұрсұлтан Назарбаев

  • Бүгін, 25 сәуір күні Мемлекет басшысы жоспарланбаған жұмыс сапарында Астананың оңтүстік жағалауындағы теміржол вокзалының қызметімен танысты. Сонымен қатар Елбасы вокзал алдында қала тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен әңгімелесіп, сәттілік пен бақыт тіледі. Сондай-ақ қаладағы коммуналдық қызметтердің жұмысы жайлы пікірін сұрады.

«Жас маман болған кезімде, пәтерге 10 жылға таяу кезекте тұрдым. Қазір заман басқа. Күш салмай ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Сәттілікке жету үшін, тер төгіп, еңбектену керек, нәтижесінде еңбектің жемісін көресіздер», — деді Қазақстан Президенті «Сарыарқа» ауданының тұрғындарына.

ДереккөзTengrinews.kz