Алматыда Абай даңғылы 34 мекенжайында орналасқан дәмхананың заңсыз салынған жазғы тамақтану алаңы сүрілді.
Алматының қала құрылысы басқармасы меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылдап, материалдарды сотқа жолдаған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі түрде бұзды және ҚР ӘҚБтК 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бұзу жұмыстарын жеке кәсіпкер бір күн бұрын ерікті түрде жүргізді, — делінген хабарламада.