Басты бетЖаңалықтарІшімдік ішіп...

Ішімдік ішіп келген тәрбиеші балабақшада шу шығарды

Теміртауда ішімдік ішіп жұмысқа келген тәрбиеші мен мемлекеттік балабақша директоры жұмыстан босатылды.

Бұл туралы Теміртау қалалық білім бөлімі хабарлап отыр.

«Айгөлек» балабақшасына 30 қыркүйекте орташа дәрежедегі мас күйіндегі педагог жұмысқа келіп, балаларға агрессия көрсеткен. Полицияға мұғалімнің жұмысқа мас күйінде келгені туралы жасырын қоңырау түсті.

Полицейлер мұғалімді медициналық тексеруге алып кетті. Оның орташа ауырлықтағы мас күйінде екені анықталды. Балабақша асханасында алкогольдік ішімдік табылмады.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мұғалім педагогикалық этиканы өрескел бұзғаны үшін теріс себептермен жұмыстан босатылды. Балабақша директорының міндетін атқарушы да қызметінен босатылды, — деді Теміртау қалалық білім бөлімінің басшысы.