Басты бетЖаңалықтарАлматыда қолдан...

Алматыда қолдан құжат жасау арқылы 150 көлікті заңсыз тіркеген топ ұсталды

ІІМ Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады.

Бұл туралы полиция хабарлап отыр.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды.

Қылмыстық іс-әрекетке халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің қатысы бары әшкереленді. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. Қылмысқа қатысы бар 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленген. Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 миллион теңгеден асты, — делінген хабарламада.