Басты бетPush160 мыңдай...

160 мыңдай гүл Нидерландқа қайтарылды

Паразит зақымдаған 160 мыңдай гүл Нидерландқа қайтарылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Нидерландтан жеткізілген 159 400 хризантеманы фитосанитарлық бақылау барысында Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияның карантин инспекторы көшеттердің «ақ тот жұқтырғанын» (Puccinia horiana) анықтады, – делінген хабарламада.

Гүлді әкелушіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Аурудың таралуын болдырмау үшін гүл көшеттері жіберушіге кері қайтарылды.