Қазгидромет 20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің батыс аймақтарында оңтүстік циклон салдарынан жаңбыр жауады.
Өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшеюі ықтимал. Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік жүреді.