Қазгидромет 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде — көктайғақ, оңтүстікте — найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі, — делінген хабарламада.
19-20 қазан күндері Қазақстанның көп бөлігінде көшпелі бұлт шығып, Орал, Ақтөбе мен Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.