Алматы полицейлері көлік жүргізушілеріне қысқы дөңгелекке ауысу қажеттігін ескертті.
Алдағы күндері күн бұзылып, жаңбыр мен қар жаууы, сонымен қатар ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Осыған орай, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау үшін көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз, – деді полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Сонымен қатар ол 1 желтоқсан бастап, дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынатынын еске салды. Ереже бұзғандар әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.