Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы әл-Фараби...

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында түнде ірі жол апаты болды. Жол апаты салдарынан үш көлік пен бірнеше адам зардап шекті.

Бұл туралы жергілікті полиция депортаменті хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, бұл оқиға бүгін сағат 00.50-де Алматының Медеу ауданында болған.

Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта, Меңдіқұлов көшесімен қиылыс маңында рульге ие бола алмай, Lexus маркалы автокөлікке соқтығысқан. Әрі қарай инерциямен Toyota Camry қарсы бағытқа шығып кетіп, даңғыл бойымен шығыс бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысқан, — делінген хабарламада.

Осы оқиға салдарынан бес адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде Toyota Camry көлігінің жүргізушісі бар.

Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.