«Қазгидромет» РМК синопиктері 18 қазанда Алматы мен Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының орталығында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оралда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндізгі екпіні — 18 м/с болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі.
Алматыда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында соққан жел екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда сынап бағаны түнде 2 градус суықты көрсетіп, үсік өтеді деп күтіледі.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында аздап қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с болады.
Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың оңтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік өтеді деп болжанады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік өтеді деп күтіледі.