Мемлекет басшысы «2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттамаға қол қою туралы» 2024 жылғы 15 қазандағы жарлыққа қол қойды.
Құжат Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үлестік жарналарының мөлшерін қарастырады.
Атап айтқанда:
- Ресей – 17,6%;
- Қытай – 17,6%;
- Қазақстан-15,2%;
- Өзбекстан – 12,6%
- Қырғызстан — 7,6%;
- Тәжікстан — 6%;
- Пәкістан — 5,9%;
- Үндістан — 5,9%;
- Беларусь — 5,8%;
- Иран — 5,8%.
Қазақстан атынан хаттамаға үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қояды, сонымен қатар қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.
Хаттама 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданысқа енгізіледі және депозитарий тараптардың оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.