Абай облысынағы Аягөз ауданында жылу өшіп қалды. 16 қазан күні сағат 15.00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде апат болды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлап отыр.
Д159 ысырмасы істен шыққан. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ақау сағат 16.00-де толықтай жойылған.
Қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, ауданда жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық нысан толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген, — делінген ақпаратта.