Бүгінгі күні Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Бұл туралы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оның ішінде бес іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты екі істі облыс прокуратурасы сотқа жіберді.
Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 миллиард теңге мүліктеріне тыйым салынды.