Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы студенттердің цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған Huawei ICT Roadshow 2024 ауқымды жобасы өтті.
Іс-шаралар еліміздің 19 қаласындағы 40 жоғары оқу орнын қамтып, студенттерге компанияның жаңа технологиялық шешімдерімен танысуға бірегей мүмкіндік сыйлады.
Huawei ICT Roadshow байқауы Huawei компаниясының Қазақстандағы жастарды қолдау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бастамасының бір бөлігі. Іс-шара аясында қатысушылар Huawei компаниясының ең жаңа технологиялық шешімдерімен, соның ішінде технологияның болашағын қалыптастыратын инновациялық өнімдер мен қызметтермен таныса алды. Сонымен қатар АКТ саласындағы дағдыларды дамытуға бағытталған мамандандырылған семинарлар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Huawei ICT Roadshow сияқты білім беру жобаларына қатысу жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашады, олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді және заманауи технологиялар әлемінің сын-тегеуріндеріне жақсы дайындалуға ықпал етеді. Біз студенттеріміздің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тереңірек білім алуға және кәсіби дамуға шабыттандыратын осындай білім беру бастамаларына белсенді қатысатынын мақтан тұтамыз, — деп атап өтті ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин.
Іс-шараға тіркелу 2024 жылғы 18 қазанға дейін жалғасады және 2 500 қатысушы белгісіне жеткенде тоқтайды. Алдын ала емтихан түріндегі жарыстың бірінші кезеңі 25 қазанда онлайн форматта өтеді, онда қатысушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете алады. Емтихан нәтижелері бойынша үздік студенттер іріктеліп алынады, олар 2024 жылғы 1 қарашада офлайн режимінде өтетін ұлттық финалға қатысуға жолдама алады.
Huawei ICT Competition байқауы студенттерге АКТ саласында жаңа көкжиектер ашып қана қоймай, олардың теориялық және практикалық білімдерін нығайтуға, сонымен бірге әлемдік еңбек нарығында жоғары бағаланатын дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Біз жас мамандар тарапынан осындай жоғары қызығушылықты көргенімізге қуаныштымыз және олардың көпшілігі ұлттық және халықаралық деңгейде айтарлықтай жетістіктерге жете алатынына сенімдіміз, — деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan Басқарма директоры Сю Хай.
ICT Competition Roadshow аясында студенттер алдағы жарыстың бүге-шүгесімен танысып қана қоймай, Huawei-дегі мансаптық мүмкіндіктер туралы біле алды. Компания үшін АКТ саласындағы жас мамандарды қолдау, олардың кәсіби өсуіне және қазіргі нарықта сұранысқа ие негізгі құзыреттерді дамытуға ықпал ету маңызды.
Huawei студенттерге инновациялық шешімдер мен кәсіби білімге қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, Қазақстанда білім беруді қолдауды жалғастырып жатыр. Ұлттық финалдың жеңімпаздары байқаудың халықаралық кезеңіне қатысуды жалғастыруға бірегей мүмкіндік алады, онда студенттер әлемдік аренада өз білімдерін паш етеді.