Huawei АКТ академиялар студенттеріне арналған бағдарламаны іске қосты

Huawei АКТ академиялар студенттеріне арналған Regional Seeds for the Future 2024 бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

2024 жылғы тамызда Өзбекстанда Regional Seeds for the Future 2024 бағдарламасына іріктеу басталды. Бағдарлама жаһандық инновациялар мен цифрлық технологияларға қызығушылық танытатын Huawei АКТ академияларының студенттеріне арналған.

Бағдарламаның мақсаты — студенттерге халықаралық инновациялар мен цифрландыру ортасына енуге мүмкіндік беру, сонымен қатар олардың тұрақты даму және кәсіпкерлік саласындағы дағдыларын шыңдауға ықпал ету.

Бағдарламаға қатысуға орташа балы 3,0-ден кем емес немесе оқытушылар рейтиңінің 30%-не кіретін, сонымен бірге ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген жоғары жоғары курс студенттері (3 және 4 курс) шақырылады. Үміткерлер АКТ-мен байланысты салалардағы инновациялар мен цифрландыруға, тұрақты дамуға және мәдениетаралық коммуникацияға қызығушылық танытатын болуы керек.

Huawei

Қатысқысы келетін студенттер келесі материалдарды [email protected] электрон пошта мекенжайына жіберуі керек:

  • Ағылшын тілінде түйіндеме,
  • Академиялық жазба транскрипті,
  • Ағылшын тілінде ілеспе/мотивациялық хат,
  • Ағылшын тілінде бағдарламаға қатысу мақсатын көрсететін үш минуттық жеке видео,
  • Марапаттар, мадақтар, сертификаттар сияқты қосымша материалдар,
  • Тиісті университеттің Huawei АКТ академиясында тіркелгенін растау.

Өтінім беру 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ашық. Бағдарлама туралы қосымша ақпарат Huawei ресми сайтында LINK қол жетімді.