Басты бетЖаңалықтарТалғар қаласының...

Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды. Бұл туралы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен қала әкімінің орынбасары Сағындық Матан өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін» қызметтен босатылды, — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданы әкімі Таңат Айдарбековке сөгіс жарияланған.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полатты 4 қазанға қараған түні отбасының көзінше өлтіріп кетті. Осыдан кейін 12 қазанда олардың Азат ауылындағы үйін белгісіз біреулер өртеп жіберді. Бұл іс ішкі істер министрлігі басшысы мен бас прокурордың ерекше бақылауында.