Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483-489 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 14 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,37 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге. Еуро — 532,94.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,7 теңге. Еуро 530,5 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 489 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00-5,10 аралығында саудаланып жатыр.