Боксшы, Париж Олимпиадасының қолда жүлдегері Назым Қызайбай Қазақсатн әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлап отыр.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өткен.
Жиын барысында талқыланған бірнеше маңызды мәселенің бірі — жаңа құрама капитанын сайлау.
Нәтижесінде, спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.