Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынды.
Энергетика министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі.
Тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты.
Ішкі нарықта жанар жағар май тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі «бүркемелеу тауарлары» атауымен әкетілуі мүмкін мұнай өнімдерін темір жол көлігімен экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда жанар жағар май тұтыну көлемі ұлғайып, ішкі нарықтағы қалдықтардың азайғаны байқалып отыр. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім тркелген.
Бұл жағдай Қазақстан мен шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасының айырмашылығымен байланысты.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша «бүркемелеу тауарлары» деген атпен бензинді әкетудің белгілі бір схемалары бар.
Жоғарыда аталған бірлескен бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.