Басты бетЖаңалықтар«Саяқ-3» шахтасындағы...

«Саяқ-3» шахтасындағы апат: үшінші кеншінің жағдайы белгілі болды

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы «Саяқ-3» шахтасында көмірқышқыл газы шығуы салдарынан зардап шеккен үшінші кеншінің жағдайы туралы айтты.

Басқарманың мәліметінше, «Саяқ-3» шахтасында көмірқышқыл газының шығуы салдарынане зардап шеккен кеншілердің бірі қатты уланған. Қазір ол Балқаш қаласының ауруханасында жатыр.

Зардап шеккен қызметкер Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасына түсті. Алдын ала диагноз: көміртегі тотығымен қатты улану. Жалпы жағдай интоксикация синдромы салдарынан орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады. Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Қазақмыс» компаниясына тиесілі «Саяқ-3» шахтасында көміртегі газы шығып, нәтижесінде шахтаның екі қызметкері қаза болды.