6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза болды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.