Сыртқы істер министрлігі жалпыреспубликалық референдум аясында шетелдегі Қазақстан азаматтары үшін ашылған дауыс беру учаскелерінің жұмысы аяқталғанын хабарлап отыр.
59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 976 адам болды. Бұл дауыс берушілердің 81,06% келуін қамтамасыз етті.
Айта кетейік, 6 қазан күні елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыреспубликалық референдум өтті.
Exit-poll нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 69,8% АЭС салуды қолдады.