АЭС бойынша референдум: exit-poll нәтижесі жарияланды

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның exit-poll нәтижесі жарияланды.

Референдум кезінде бірнеше ұйымның мамандары учаскелерден шыққан адамдар арасында сауалнама өткізіп, қандай дауыс бергенін сұрады. Соның негізінде АЭС салуды қолдайтын және оған қарсы азаматтардың проценттік саны есептелді.

«Астана — кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» қоғамдық қоры ИКСИ «СОЦИС-А» өткізген exit-poll нәтижесі:

  • «Иә» — 69,8 процент;
  • «Жоқ» — 30,2 процент.

«AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жекеменшік мекемесі өткізген exit-poll нәтижесі:

  • «Иә» — 72,3 процент;
  • «Жоқ» — 27,7 процент.

Айта кетейік, 6 қазан сағат 20.00-дегі жағдай бойынша референдумда 7 миллион 820 мың 918 адам дауыс берген. Бұл — дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 63,87 проценті.

Осылайша, АЭС салу бойынша ұйымдастырылған референдум өтті деп саналады. Ал дауыс бергендердің ішінде жартысынан көбі қолдаса, атом электр станциясының құрылысы қолға алынады.