АЭС бойынша референдум барысында 7 млн адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастация Щегорцова айтты.
Комиссия мүшесінің айтуынша, 16:00-дегі жағдай бойынша 7 062 358
азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 57,68 пайызын құрайды.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 58,12%
2. Ақмола облысы бойынша – 63,5%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,41%
4. Алматы облысы бойынша – 64,09%
5. Атырау облысы бойынша – 56,61%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 60,82%
7. Жамбыл облысы бойынша – 53,58%
8. Жетісу облысы бойынша – 58,86%
9. Қарағанды облысы бойынша – 62,86%
10. Қостанай облысы бойынша – 67,57%
11. Қызылорда облысы бойынша – 76,15%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 47,7%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,7%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 60,15%
15. Түркістан облысы бойынша – 70,73%
16. Ұлытау облысы бойынша – 63,85%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,33%
18. Астана қаласы бойынша – 46,3%
19. Алматы қаласы бойынша – 20,57%
20. Шымкент қаласы бойынша – 66,48%
Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де Вашингтон, Нью-Йорк және Оттава қалаларында референдум учаскелерінің ашылғанын хабарлаймыз, — деді ол.