Қазақстан 2024 жылы Ресейден 285 мың тоннаға дейін автокөлік бензинін импорттай алады. Бұл туралы ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2024 жылға арналып бекітілген индикативтік теңгерім аясында 2024 жылы 285 мың тоннаға дейін ресейлік автокөлік бензинін импорттау мүмкіндігі бар, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге ведомство АИ-92-нің сату бағасы мемлекет белгілеген ең жоғары бағадан, яғни литріне Т205-тен аспайтынын атап өтті.