Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Мереке Құлкенов №175 мектеп-гимназиясында орын тепкен №584 сайлау учаскесіне барып, АЭС құрылысы мәселесі бойынша дауыс берді.
Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.
Референдум – демократияны нығайтудың маңызды қадамы, бұл азаматтарға пікірін білдіру, еліміздің болашағына әсер ету және қоғамдағы белсенді оң өзгерістерді көру үшін ерекше мүмкіндік, – деді қоғам қайраткері Мереке Құлкенов.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы тұрғындары тұрғылықты жерінде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беруде. Мегаполисте барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20:00-ге дейін ашық болады.