Халықаралық бақылаушылар референдум кезінде ешқандай заң бұзушылықты тіркеген жоқ. Бұл туралы ТМД бақылаушысы Леонид Анфимов айтты.
Жалпы референдумға ТМД-дан 74 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Олар Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның өкілдері.
ТМД елдерінің бақылаушылары Астана, Алматы және Шымкентте, сонымен қатар Қазақстанның басқа алты облысында жұмыс істейді.
Басқа аймақтарда мониториңді екіжақты негізде Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Түркі мемлекеттері ұйымының және мемлекеттердің бақылаушылары жүзеге асырады.