Бүгін республикалық референдум күні қалада мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынды.
«Инватакси» арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған азаматтарға қолжетімді.
Мегаполисте барлығы 100 арнайы автокөлік қызмет көрсетуде.
- «Инватакси» қызметін мына диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы шақыруға болады:
арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін: +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp); - көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін 20 кезекші автокөлік бөлінген. Кезекші автокөлікті мына нөмір арқылы шақыруға болады: 338-30-09. Осы нөмір арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдана алады.
Естеріңізге салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі