Қызылорадада 27 оқушы уланып қалған, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы көпбейінді облыстық балалар ауруханасынаның басшылығы хабарлап отыр.
Оқушылардың неден уланғанын білмейміз, бірақ 27 оқушының жеткізілгені рас. Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, балалар естерін біледі, тамақ іше алады. Қазіргі күні емделіп жатыр, Үш-төрт күнде үйлеріне шығарылады, — делінген хабарламада.
Ал полиция тергеу жүріп жатқанын айтты.
Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейі баллонын қолдану дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр, — дейді облыстық полиция департаменті.
Ал қалалық білім бөлімі қандай да бір ақпарат беруден үзілді-кесілді бас тартты.