Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде алаяқтар агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар ашып, жалған ақпарат таратып жатқанын ескертті.
Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, жолдайды.
Жалған ақпаратқа сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сонымен қатар ақша аудармауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау керек.