«Жедел желі» бағдарламасында оқу-ағарту министрі Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануының себебін айтты.
Ол мектепте ыстық тамақты ұйымдастыратын кәсіпкерлерді кінәлады.
Министр Ғани Бейсембаев Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануынан кейін барлық өңірде тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
Заң жүзінде барлығы бар. Бірақ талапты орындауда отандық кәсіпкерлер өз міндетін дұрыс атқармай келеді. Мәселен, Маңғыстау өңірінде қызмет көрсеткен кәсіпкер 200 келісімшарт орнатқан. Осындай келеңсіздіктер жергілікті атқарушы органдардың тиісті тексерістерді дұрыс жүргізбеуінен, — дейді Ғани Бейсембаев.