Президент жарлығымен Марат Қожаев Қазақстан парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды. Ол ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды, — делінген құжатта.
Туған жылы: 1964 жыл 23 ақпан
Білімі: 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірді;
2001 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясын заң факультетін бітірді.
1984-1985 жылы — Алматы облысы ішкі істер департаменті Қаскелең ауданы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысының полиция қызметкері;
1985-1989 жылдары — КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің студенті;
1989-1996 жылдары — Алматы облысы ІІД ІІІ, Қаскелең аудандарының тергеушісі;
1996-1997 жылдары — Алматы облысы бойынша мемлекеттік тергеу комитетінің аға тергеушісі, басқарма бастығы. Алматы облысы ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің ауыр қылмыстарын тергеу бөлімінің бастығы;
1997 жылы — Алматы облысы ішкі істер департаментінің тергеу қызметінің бастығы;
1997-2001 жылдары — Көліктегі ішкі істер бойынша Шығыс дирекциясының тергеу қызметінің бастығының орынбасары;
2001-2004 жылдары — Алматы қаласы ІІБ Тергеу басқармасының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеу бөлімінің бастығы;
2004-2007 жылдары — Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары;
2007-2009 жылдары — Алматы қаласындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (тергеу);
2009-2012 жылдары — Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары;
2012-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ тергеу комитетінің төрағасы;
2014 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың желтоқсанына дейін — Павлодар облысы ІІД бастығы.
2017 жылғы желтоқсанда — Астана қаласы ішкі істер департаментінің бастығы.
2019 жылғы сәуір айында мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар, жүлделер, құрметті атақтар: «3 дәрежелі мінсіз қызмет үшін» медалі, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгісі.