«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 4 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
ҚР көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауып, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар).
ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында тұман,оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде Жетісу облысының орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Қарағанды, Маңғыстау, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.