Алматы қаласының тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 5 тоннадан қант пен күріш алынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлап отыр.
Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде «Алматы «ӘКК» АҚ 4 500 тонна көлемінде түйіршіктелген қант және 1 000 тонна көлемінде ұнтақталған күріш сияқты отандық азық-түлік тауарларын сатып алу бойынша форвардтық келісімшарттар жасасты. Азық-түлік жеткізушілердің қоймаларында орналасқан және қаланың ірі сауда нысандары арқылы сатылады.
Түйіршіктелген қанттың сату бағасы келісіне 380 теңге, ұнтақталған күріштің бағысы келісіне 420 теңге. Сауда объектілеріндегі сөрелерде сату бағасына 10%-тен аспайтын үстемеақыны қосылады, — деп хабарлады әкімдіктен.
Әлеуметтік маңызы бар өзге азық-түліктің тұрақтандыру қорындағы көлемі мен бағалары:
1. Пияз — 1960 тонна, сөрелерде келісі — 108 теңге.
2. Картоп — 4800 тонна, сөрелерде келісі — 169 теңге.
3. Қырыққабат — 1120 тонна, сөрелерде келісі — 126 теңге.
4. Сәбіз — 1840 тонна, сөрелерде келісі — 176 теңге.
5. Қарақұмық жармасы — 219,8 тонна, сөрелерде келісі — 242 теңге.
6. Рожки — 388,4 тонна, сөрелерде келісі — 299 теңге.
7. Күнбағыс майы — 533,2 тонна, сөрелерде келісі — 529 теңге.
8. Айран — 80,3 тонна, сөрелерде келісі — 439 теңге.
9. Сары майы — 3,2 тонна, сөрелерде келісі — 2860 теңге.
10. Сүт — 164,6 тонна, сөрелерде келісі — 389 теңге.
11. Сүзбе — 8,8 тонна, сөрелерде келісі — 451 теңге.
12. Ұн — 62,2 тонна, сөрелерде келісі — 295 теңге.
13. Сиыр еті — 6 тонна, сөрелерде келісі — 2669 теңге.
14. Нан — 442,2 тонна, сөрелерде келісі — 80 теңге.
15. Тұз — 222 тонна, сөрелерде келісі — 74 теңге.
16. Тауық еті — 143,1 тонна, сөрелерде келісі — 1259 теңге (жамбас) / 1459 теңге (аяқтары).
17. Күріш — 271,5 тонна, сөрелерде келісі — 489 теңге.
18. Жұмыртқа — 84600 дана, бір данасы 56 теңге.