Басты бетЖаңалықтар2025 жылы президент мұрағаты Алматыдан Астанаға көшіріледі

2025 жылы президент мұрағаты Алматыдан Астанаға көшіріледі

Президент мұрағатын Алматы қаласынан Астанаға көшіру туралы мемлекет басшысының жарлығы жарияланды.

Қазақстан Республикасының үкіметі 2025 жылғы 1 наурызға дейін «Қазақстан Республикасы президентінің мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді қамтамасыз етсін, — делінген жарлық мәтінінде.

Осы орайда «Қазақстан Республикасы президенті мұрағатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №808 жарлығына бірқатар өзгеріс енгізілмек. Сонымен қатар жарлықта мұрағаттың штат саны 108-ден 168 қызметкерге дейін артатыны айтылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да