Басты бетPushҰлытау өңірінде...

Ұлытау өңірінде марганец кен орнын заңсыз қазған адам 3 млрд теңге пайда тапқан

Ұлытау өңірінде марганец кен орнын заңсыз қазған адам 3 млрд теңге пайда тапқан. Бұл туралы қаржы мониториң агенттігі хабарлады.

Бұл азамат 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаты болмаса да, Ұлытау облысындағы «Восточный карьерінен» марганец рудасын заңсыз өндірген. Қылмыс «Қазақстан Ғарыш Сапары» аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды. Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді, – делінген хабарламада.

Мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келген. Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тоннаны құрап, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады.