«Достарым, ертең Қытайдың I am a singer жобасынан абыроймен келе жатқан Димаш Құдайбергенге Астанадағы Орталық концерт залында, сағат 18:30-да қошемет көрсетеміз.
Баршаңызға есік ашық. Димашты бірге қарсы алайық!», — деп жазды министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдың I Am a Singer музыкалық байқауында ІІ орын иеленді. Сондай-ақ, әнші байқау барысында үш музыкалық жүлдені жеңіп алды.