Осыған қатысты Каспий теңізінде балықты аулау кәсібіне уақытша тыйым салу мәселесі көтерілді.
«Бұл бастаманы Атырау облысының әкімдігі де қолдап отыр. Балық шаруашылығы ғалымдары да осы мәселені талқылап шықты. Бірінші талқылауға Маңғыстау әкімдігі мен балықшылар қатысты. Қарсылық жоқ сияқты. Дегенмен, ол мәселе әлі де талқыға салынатын болады. Себебі бүгінде осы аймақта балық шаруашылығымен айналысатындар аз емес», — деді Нариман Жүнісов.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде балық аулауға тыйым, я болмаса оған уақытша шектеу салу үшін биологиялық негіздеме керек. Жақында өткен алғашқы отырыста аталған негіздемені әзірлеу туралы шешім шығарылды.
«Сол кезде Каспий теңізінде балық аулауға толығымен тыйым салынады, я болмаса, шектеу енгізіледі. Сондықтан қазір нақты кеңестерді күте тұрайық», — деді ол.