Жедел жәрдем кей шақыртуға тәулік бойы баруды тоқтатады. Түзету енгізілген бұйрық «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстау тиімсіз, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі, – делінген құжатта.
Жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері 8:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбі – демалыс.
Бұл өзгерістің өмірге тікелей қауіп төндіретін диагноздарға қатысы жоқ. Ол диагноздар бойынша жедел жәрдем тәулік бойы жұмыс істейді.
Құжатты талқылау 2024 жылғы 8 қазанға дейін жалғасады.