Басты бетPush25 қыркүйекте...

25 қыркүйекте Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Казгидромет хабарлады.

2024 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.