Басты бетPushШахмат олимпиадасының...

Шахмат олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

Қазақстандық жанкүйерлер Астана қаласының әуежайында шахмат олимпиадасының жүлдегерлерін күтіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, құрамында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Әмина Қайырбекова бар шахматтан әйелдер құрамасы Будапеште өткен шахмат олимпиадасында күміс медаль алған еді.

Қазақстан әйелдер құрамасы 11 ойында 18 ұпай жинады. Соңғы турда АҚШ құрамасымен 2:2 есебімен тең түсіп, екінші орын алды. Бұл — Қазақстанның шахмат олимпиадасындағы ең үздік нәтижесі.