Туризм және спорт министрі қызметінен босатылған Ермек Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, – делінген хабарламада.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Ол бұған дейін ҚР туризм және спорт министрі қызметін атқарды.