Апта соңына дейін күн райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
Апта соңына дейін кең антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамти береді. Соға орай күн райы негізінен жауын-шашынсыз күйі қалады. Тек еліміздің оңтүстік бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаңбыр, найзағай болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшеюі мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. 19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік шалуы мүмкін.