Алматы қаласының прокуратурасы атом электрстанциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгендерді жауапқа тартты. Прокуратура төрт азаматты референдум туралы заңнаманы бұзған деп айыптап отыр.
Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электрстанциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады, — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Сөйтіп, төрт құқықбұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынған.
Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдары арқылы реттелетінiн түсiндiредi.