Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Павлодарда сабақ уақытын 40 минутқа дейін қысқартуға қарсы шықты. Бұл туралы депутат Telegram арнасында жазған.
Асхат Аймағамбеттің жазуынша, мұндай логикамен, енді жаңа мектептер салмай-ақ, төрт ауысымға көшіп, миллиардтаған теңгені үнемдеуге болар еді.
Шынын айтқанда, Павлодарда сабақтарды қысқарту көптеген сұрақтар туғызады. Аймақтарда сабақтың ұзақтығын өздері шешіп, әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда онлайн оқуға көшетін болса, оқу процесі мүлдем хаосқа айналады. Бағдарламалардың мазмұны, білім мақсаттары өзгермей қалай сабақты қысқартуға болады? Бұл білім сапасына және барлық оқушыға сапалы білім алу үшін тең жағдай жасауға үлкен проблемалар тудыратыны анық, — деп жазған депутат.
Депутат бірыңғай уақыт белдеуі мен сабақтың ұзақтығын бірізділік жасамай, ғылымға негіздемей шешетіндерге наразы екенін білдірді.
Бұған дейін Павлодардың барлық мектебінде сабақ 40 минут өтетіні жарияланған еді. Бұған оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың әр мектеп баланы оқытанын сағатын өзі белгілей алатынын айтқаны себеп болған.