Ұлытау облысындағы Жаңаарқа кентіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында шөп өртене бастаған. Күн ысығаннан әрі желден шөп жылдам жанып, жанындағы 3 шаруашылық ғимаратқа көшкен. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 385 шаршы метр болған өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай өртті сөндіру қиын. Өйткені қатты өртенген шөптің іші бәрібір бықсып жанып жатады. Қызметкерлер өрт қайта басталмас үшін шөпті бөлшектеп, дұрыстап су төгіп тастауы керек.