Иранның «Мұхаммед» фильміне неліктен тыйым салынды?

Шешенстан Республикасы Дін істері басқармасы ирандық режиссер Маджид Маджидидің көркем фильмін көрсетуге және таратуға тыйым салды. Ummet.kz сайтының ақпаратына сай, бұл қарсылық мына себептерден туындаған:

1. Ислам ғалымдарының Ислам ғалымдарының Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) сурет арқылы, сондай-ақ, фильмде бейнелегеуге тыйым салу туралы ортақ пікірі.

2. Фильмде бірқатар тарихи бұрмалаулар бар, оның салдарынан көрермендер ислам тарихы мен Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өмірбаяны туралы дұрыс емес пікірде қалуы мүмкін;

3. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) кейбір сахабалары жағымсыз бейнеде және бұрмаланып көрсетілген;

4. Сонымен қатар, фильм авторлары туындыны қандай дереккөздерді негізге алып әзірлегенін көрсетпеген, тарихи уақиғалар туралы қандай ғалымдардың келісімдері алынғаны жазылмаған.

Бұған дейін Дағыстан мүфтияты аталмыш фильмді көрсетуге рұқсат берген. Сондай-ақ фильмді көрсетуге бірқатар мемлекеттер қарсылық білдірген. Мәселен, Марокко, Мысыр, Сауд Арабиясы және Кувейт секілді мұсылман елдерінде бұл туындыға тыйым салды.

Бұл мемлекеттер Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өмірбаяны мен Құран аяттарын еркін түрде әңгімелеуден бөлек, сүнниттік ғалымдар фильм авторларын ислам дініне шииттік көзқарасты таңғаны үшін айып тақты.

Айта кетейік, фильмге дайындық 2007 жылы басталып, көрермендерге 2015 жылы ұсынылған. Туындының түсірілімі Иранның Куме қаласында және Оңтүстік Африкада өткен.

Сондай-ақ фильм «Оскар» киножүлдесінде «Ең үздік шетелдік фильм» номинациясына қатысқан болатын. Фильмнің ұзақтығы 178 минут, бюджеті 40 миллион долларды құрайды, оны жартылай мемлекет қаржыландырған. Бұл – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) туралы түсірілген осымен екінші фильм. 1976 жылы тегі сириялық америкалық режиссер Мұстафа Аккад «Мұхаммед – Алланың елшісі» фильмін түсірген.